Коммунальное государственое учреждение
"Специальная школа-интернат №6"
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7 (727) 385-66-49
Бухгалтерия:
+7 (727) 385-66-49
Версия
для слабовидящих
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
13
декабрь
2023
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Осы мерекеге орай мектебімізде мерекелік іс-шара өткізілді.  
"Алтын күз" мектепішілік іс-шара
18
октябрь
2023
"Алтын күз" мектепішілік іс-шара
 Ағымдағы жылдың 18 -қазан күні «Алтын күз»   мектепішілік  іс- шара өтті. Бұл іс-шара оқушыларға күз кереметтерін көрсету, оқушылардың бойына сахналық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар күз мезгіліне байланысты  дайындаған қол өнерлерін таныстырды. Жәрмеңке ұйымдастырылды.Қол өнерлерін таныстырып, жүлделі орындар алды. Оқушылар  ортаға өздері жаттаған тақпақтары мен өнерлерін көрсете білді.
Ұлағатты ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара
04
октябрь
2023
Ұлағатты ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара
Ұстаз – Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-ана тәрізді. Ұстаз – ақылдың тозбaйтұғын асылы. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиеді. Елімізде қазан айының бірінші жексенбісі ұстаздар күні ретінде мерекеленіп келеді. Осы орайда мектебіміздің ұстаз қауымына үлкен құрмет көрсетіліп, мерекелік іс-шара өткізілді. Мектебіміздің өнерлі оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, ән мен биден шашу шашты.  
1 қазан-Халықаралық қарттар күніне арналған тәрбие сағаты
28
сентябрь
2023
1 қазан-Халықаралық қарттар күніне арналған тәрбие сағаты
1 қазан күні елімізде қарттар күні аталып өтеді. Халықаралық қарттар күні — 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды. Бұл мереке елімізде жыл сайын аталып өтіледі. Және оның аясында қарттарға құрмет көрсетіліп, түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады.  Осы орайда мектебімізде халықаралық қарттар күніне тәрбие сағаттары өткізілді.
1 қыркүйек Білім күні!
04
сентябрь
2023
1 қыркүйек Білім күні!
Мектебімізде «Сыңғырла қоңырау» атты іс-шара болып өтті. Іс – шараға барлық педагогтар мен ата – аналар, оқушылар қатысты.
Соңғы қоңырау
25
май
2023
Соңғы қоңырау
Мектебімізде соңғы қоңырау салтанатты кеші өткізілді. Салтанатты кеште жылдық қорытынды жасалды. Мектеп бітіруші түлектерді салтанатты түрде шығарып салу рәсімі жүргізілді.
Спорттық сайыс
11
май
2023
Спорттық сайыс
Алматы қаласы мектептері арасында спорттық сайыс өткізілді. Спорттық сайыс барысында мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындар иеленді.
«7 мамыр – отан қорғаушылар күні»
04
май
2023
«7 мамыр – отан қорғаушылар күні»
7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке.Отан қорғаушылар күніне арналып мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік шара жоғары деңгейде өткізілді.
«Шахмат ойнап үйренейік» үйірме жұмысы
12
апрель
2023
«Шахмат ойнап үйренейік» үйірме жұмысы
Мектебіміздің оқушылары  шахмат үйірмесі барысында үйренген шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өзара жарыс өткізді.
Ұлыстың ұлы күні- Әз Наурыз!
12
апрель
2023
Ұлыстың ұлы күні- Әз Наурыз!
Наурыз – жеті дәмнен нәрлі көже жасап, жаттың да жақынның да бір-біріне дәм татқызатын, ақ дастарқан басында  бірге ас ішетін ынтымақ пен бірліктің мерекесі. Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін көңіл-күйдің мерекесі. Осы бір мерекеде концерттік бағдарлама өткізіп, үлкен көлемде наурыз мерекесін атап өттік.